22.12.2017, 12:18
Оқылды: 36

Салық төлеушілер патент қолдана алады

Akmas AbjapparovӨңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатына облыстық кіріс департаментінің басшысы Алмас Әбжаппаров қатысып, салық төлеу мәдениетін көтеру тақырыбында баяндама жасады.

Алмас Әбдумүтәліпұлының мәлімдеуінше, облыс әкімдігі, прокуратура және кәсіпкерлер палатасы бірігіп «Салық жиналуын ұлғайту» жол картасын дайындаған. Аталған жол картасының мақсаты - жаңа салық және кеден кодекстерінің қабылдануына орай, салық төлеушілерге түсінік жұмыстарын жүргізілу. Барынша жеңілдетілген жаңа кодекс салықты уақытында төлеп, адал қызмет ететіндердің ыңғайына қарап жасақталған.

-Салық тексерістері қысқартылды. Салық төлеушілерді үш деңгейге бөліп қараймыз. Тәуекелі аз жасыл топты біз тексермейміз. Олар салықтық есепті тапсыруды және салық төлеуді кейінге қалдыруға рұқсат ала алады. Орташа тәуекелділік тобына біз хабарлама жолдаймыз. Шарттарды орындамаған жағдайда ғана салықтық бақылау шараларын қолданамыз. Ал үшінші топты (қызыл аймақ) қатаң бақылауда ұстаймыз және оларға жоғары әкімшілік шараларын (камералды бақылау, салықтық тексерулер) қолданамыз. Сондай-ақ заңнамалық негіздер де өзгертілді, яғни кодекс пен салықтық әкімшіліктендіру қағидаттары енгізілді. Енді олар біздің қызметіміздің негізі. Кіріс көлемі 300 айлық еңбекақысынан (8,5 млн теңге) аспайтын салық төлеушілер патент қолдана алады. Олар жалдамалы жұмыс күшін пайдалана алмайды. Патентте әлеуметтік салық болмайды. Егер айналым көлемі көп болса, онда шағын кәсіпкерлік нысаны «жеңілдетілген декларация» режимін таңдай алады. Бұл режимді қолданатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін шектеулер сандық және кіріс жағынан бірдей.

Шаруалар мен фермерлер ҚҚС төлеушілері бола отырып, өздерінің жеңілдігін жоймайды. Яғни, шаруашылық басшысына, мүшелеріне және қызметкерлеріне әлеуметтік салық төленбейді. Сөйтіп, аграрлы салаға салықтық жүктеме азаяды. Салықтық міндеттемелерді орындаудың кейінге қалдыру және мерзімін өзгерту сынды жаңа формалары енгізілді. Кейінге қалдыру – салықты және өзге де төлемдерді алты айға дейінгі уақытта біріңғай төлеуді қарастырады. Ал мерзімін өзгерту – үш жылдан аспайтын уақыт ішінде ай сайын немесе тоқсан сайын бірдей мөлшерде бөліп төлеу.

Келер жылдан бастап ЕАЭО және ҚР Кедендік кодекстері күшіне енеді. Кодекстегі бұл жаңашылдықтың бірі тауарды өткізу уақыты төрт сағатқа дейін қысқарады (бұрынғы редакцияда бір жұмыс күнінен кем емес болатын). Бұл кодексте сонымен қатар барлық сыртқы экономикалық байланыс қызметіне қатысушыларға кедендік төлемдерді төлеу бойынша бір айға дейін кейінге ысыру қарастырылған,- дейді А.Әбжаппаров. Сондай-ақ ол ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімінің бітетінін, ал мүлік пен жер салығын төлеу келесі жылға қалдырылғанын, яғни бір жыл мерзімге созылғанын мәлімдеді.бқ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале