28.07.2020, 16:40
Оқылды: 79

«Сапалы жол - Адалдық алаңы» жобасы аясында өңірдегі бірнеше көше жолдары жобалық кеңсе бақылауында болды

Бұл жөнінде «Ақжайық – адалдық алаңы»  жобалық кеңсесінің басшысы Алия Салиева «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының атқарылған жұмысы есебінде баяндады.

aliya-1

- Төтенше жағдай, кейін карантин режимі басталғалы бері, жобалық кеңсемен көптеген мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдар басшыларымен тікелей эфирлер шілде айына дейін өткізілді. Covid-19 індетінің өршуі және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің сырқаттануына, шектеу шараларының енгізілуіне байланысты қазіргі таңда тікелей эфирлер уақытша тоқтатылды.
Сәуір айында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен, қоғам белсенділерімен бірлесе көптеген бақылау жұмыстарын атқарды. Айта кетсем, азық-түлік өнімдеріне қойылған шекті бағаларды ұстану бойынша қаламыздағы базарларда, азық-түлік дүкендерінде бақылау жұмыстары жүргізілді. «Сапалы жол - Адалдық алаңы» жобасы аясында сәуір айында Айтқұлова көшесінде жасалған күрделі жөндеу нысаны бақылуға алынды.
Төтенше жағдай кезінде республикалық «Адалдық алаңы» басшысы республика бойынша аумақтардағы залалсыздандыру жұмыстарын БҚО-ның «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне тапсырды. Жобалық кеңсе еліміздің облыстарына өткізілген залалсыздандыру жұмыстарына бақылау жасады.
Төтенше жағдай режимінде облысымызда Орал қаласы әкімдігінің рұқсатымен «Азия», «Империя», «Каспий» және «Ардагер» такси желілері жұмысын жалғастырды. Такси желілері басшыларымен кездесіп, санитарлық нормалардың сақталуы бойынша бақылау және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мамыр айында «Сапалы жол - Адалдық алаңы» жобасы аясында Молдағұлова, Матросова, Лесозашитная, 8 марта көшелеріндегі жасалған күрделі жөндеу жұмыстары бақылауда болды.
Карантин кезеңінде «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мемлекеттік органдар қызметкерлері, қоғам белсенділері, арнайы бақылау топ мүшелерімен бірлесе қаламыздағы шағын және орта бизнес иелеріне санитарлық нормаларды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізіп, қаламыздағы базарларда, дүкендерде, асхана, кафе секілді орындарда бақылау жұмыстарын атқарды.
Мамыр айының он тоғызы күні «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Орал Құрлыс Жөндеу Сервис» ЖШС – мен, «Орал қалалық пәтер иелері кооперативтері қауымдастығы» мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және халық арасында қолайлы жағдай жасау туралы меморандумға қол қойды.
«Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және тұрғын үй қорын модернизациялауға бағытталған бюджет қаражатының жұмсалуын тұрақты негізде қадағалап келеді - деді Алия Өтемісқызы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале