1.05.2017, 14:37
Оқылды: 31

Саратов облысының делегациясын қабылдады

Бүгін облыс əкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай өңірімізге арнайы келген  Ресей Федерациясы Саратов облысының делегациясын қабылдады.

Кездесуге сондай-ақ облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов пен бірқатар басқарма басшылары, Тасқала, Зеленов аудандарының әкімдері қатысты.

Саратов облысы Үкімет төрағасының орынбасары Александр Соловьев бастап келген делегация мүшелері жиналғандарды 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, осындай айтулы шараға шақырту алғандарына алғыс айтты. Басқосуда көршілес орналасқан екі өңірдің ынтымақтастығы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, жол салу, өзендерге су жіберу, кәсіпкерлікті дамыту жайы сөз болды.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале