11.08.2020, 14:48
Оқылды: 120

Сарыарқадан бастау алған экспедиция Бөкей ордасына да барады

Елордасы Нұр-Сұлтан қаласынан "Қазақстан: қатаң батысқа-2020" экспедициясы бастау алды.

C25FC8D6-C76F-44EA-85ED-3392FC94FD1B

Экспедиция Сарыарқаның жүрегінен Қазақстанның ең қиыр батысына қарай (батыс нүктесі - Бөкей ордасы) дейінгі аралықты қамтитын болады.

Кең байтақ жеріміздің таңғажайыптарына терең үңілуді мақсат еткен шараның да мән-маңызы ерекше.

Әлеуметтік желілердегі жазбаларға сүйенсек, экспедиция мүшелері алдымен Қорғалжын, Баршино және Жанбөбектен өтіп, Керей өзеніне аялдаған.

Екінші күн Керей өзені арқылы өтетін өткелді іздеуден басталды. Өткел де тез табылып, Терісаққан жаққа қарай бағыт түзеді.

Бұл аралықта Арғанат тауларындағы ортағасырлық екі бекіністі көруге мүмкіндік алған. Олар Домбағұл және Қаратон.           

Одан соң Ақжар тауларына қарай бет алып, Жақұд-ишан мешітіне (XIX ғасыр) аялдады.

Ал Үрпек маңайындағы мақсат атақты Торғай свастикасы-трискель түріндегі үлкен геоглиф болды.

     Торғайдан өтіп, Ырғыз бағытына қарай бет алды.

Экспедиция мүшелері ендігі уақытта Ақтөбе мен Орал жаққа, содан кейін Атырау мен Ембіге қарай бет алмақ.

Батысқазақстандық өлкетанушы Айболат Құрымбаев бастаған құрам экспедиция мүшелерін қарсы алып, Ақ Жайық өңірі туралы толыққанды мағлұмат бермек ниетте.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале