2.08.2018, 16:13
Оқылды: 67

Сарытаудағы мектеп құрылысы биыл аяқталады деп жоспарлануда  

 

Zaure GumarovaБұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарова айтты.  


Спикердің мәлімдеуінше, 2018 жылы 3 білім беру нысаны ғимараттарын (Орал қаласындағы №19 ЖОББМ, №24 «Солнышко» балабақшасы, Шыңғырлау ауданындағы Шыңғырлау ЖОББМ) күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген.

2018 жылы республикалық бюджет есебінен салынып жатқан Орал қаласы Зашаған ауылының Сарытау шағынауданындағы 900 орындық мектеп құрылысы аяқталады деп жоспарланса, Зеленов ауданы Дариян ауылында 100 орындық интернатымен 300 орындық мектеп қолданысқа беріледі.

Жергілікті бюджет есебінен Бөкейордасы ауданының орталығы Сайқын ауылында 70 орындық  интернатын тапсыру жоспарланған. Қазталов ауданы Қазталов ауылындағы өнер мектебінің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.

Шетел инвестициясы есебінен Ақжайық ауданы Шабдаржап ауылында 198 орындық мектеп құрылысы аяқталмақ.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале