26.02.2017, 13:13
Оқылды: 19

Саябақтағы мереке

Орал шаһарының қалалық демалыс саябағында «Қысты шығарып салу» мерекесі ұйымдастырылды.

- Қысты ойдағыдай шығарып салып, зор үмітпен көктемді күтіп жүрміз. Бүгінгі мерекеге баршаңызға қош келдіңіз айтамыз. Жақын арада «Алғыс айту» күнін атап өтетін боламыз. Елбасымыз айтқандай «Ол күні ата-анамызға және жанымызда жүрген адамдарға алғысымызды айтуымыз керек». Сондықтан тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Әрбір отбасыға жақсылық әкелсін, - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Батыс Қазақстан облысы филиал төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов.

Бұл мейрамда араздасқан адамдар бір-бірінен кешірім сұрасады екен. Концерттік бағдарламаларды тыңдап, ойындар ойнап және тәтті тағамдардан ауыз тиіп мерекені тамашалап жүрген жұртшылықтың көңіл күйі тамаша екенін аңғардық.

Темірболат ӘНУАРҰЛЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале