23.02.2017, 11:21
Оқылды: 14

Саяжайларды тонағандар ұсталды

Бұл туралы облыстық ІІД жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.


- Соңғы кезде саяжай аймағында иесіз тұрған үйлерді тонау жиілеп кетті. 17 ақпанда «Заря» саяжай қоғамының аумағында 2 ұры ұсталды. Олар Зеленов ауданы Махамбет ауылының тұрғындары болып шықты. Қазірдің өзінде ұсталған күдіктілердің басқа да 7 ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. Тергеу одан әрі жалғасуда,- дейді полицейлер.

Серік Ихсанғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале