10.07.2017, 16:56
Оқылды: 45

Сенаторға артылар міндет зор

19840562_710130172518403_47164139_oОн сегіз жыл бойы ҚР Парламенті Сенатының депутаты болған Рашид Ахметов өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына көп үлес қосты. Енді оның осы жолын жаңадан сайланған сенатор Нариман Төреғалиевтің жалғастыратынына сенім мол. Облыс активінің жиынында өңір басшысы Алтай Көлгінов осылай деді.


-ҚР Парламенті Сенаты депутаты ретінде өкілеттілік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Рашид Ахметов басқа жұмысқа ауысты. Рашид Сайранұлы 18 жыл бойы Сенаттың үш шақырылымының депутаты болды. Осы уақыт аралығында ол облысымыздың дамуына өзіндік үлесін қосты. Әсіресе Сенаттың бюджет комитетін басқарған кезде ол кісінің қолдауын сезіндік. Мәселен, соңғы бір жылдың ішіндегі жұмыстарды айтар болсам, Киров-Шежін каналының салынуына Рашид Сайранұлы көп еңбек сіңірді. Елбасы тапсырмасына сәйкес ауыз су, газ, жол мәселелері де депутаттарымыздың көмегімен өз шешімін табуда. Облысымызға жасаған осындай көмегі үшін Рашид Сайранұлына батысқазақстандықтар атынан ризашылығымды білдіремін. Ал таяуда Парламенті Сенаты депуттарының сайлауы өткені белгілі. Сонда әріптесіміз, облыстық басқарма, департамент, басшысы, аудан әкімі, облыс әкімінің орынбасары, Орал қаласының әкімі болған Нариман Төреғалиев сенатор болып сайланған еді. Соған орай Нариман Төреғалиұлын жаңа қызметімен құттықтап, табыс тілейміз,-деді Алтай Сейдірұлы.19859136_710130055851748_403602398_o

Өз кезегінде сөз алған Рашид Ахметов 18 жыл бойы облыс басшылығымен, жергілікті мәслихат депутаттарымен бірігіп жұмыс атқарғанын, соның нәтижесінде өңірдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелердің біразы оң шешімін тапқанын тілге тиек етті. «Осы уақыт аралығында Ақ Жайық өңіріне келген сайын тек ресми тұлғалар, кәсіпкерлер, шаруашылық жетекшілерімен емес, зиялы қауым өкілдерімен де жиі кездестім,-деді Рашид Сайранұлы.-Олардан өңір жұртышылығының мұң-мұқтажы туралы да естіп білдім. Облысымыздан сайланған Парламенттегі әріптестіріммен, атқарушы билік құрылымдарымен бірге жергілікті жерлерде орын алған түрлі мәселелердің шешілуіне үлесімді қосқаныма шүкіршілік деймін. Таяуда Сенат депутаттарының қолдауымен Есеп комитетінің мүшесі қызметіне кірістім. Енді бұл бағытта да бірлесіп жұмыс атқарамыз деп ойлаймын.

Ал Нариман Төреғалиұлы сынды өмірілік, еңбек тәжірибесі бар, елдің алдындағы жауапкершілікті түсінетін жанның жоғары заң шығарушы құрылымның депутаты болғанына қуаныштымын».

19875877_710130199185067_1970532543_oМінберге көтерілген Нариман Төреғалиев өзінің сенатор болып сайланып жатқаны бірінші кезекте батысқазақстандықтардың, облыс жұртшылығы сайлаған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сенімдері екенін айтты. Өзіне артқан осынау сенімге қаяу түсірмек емес. Қай салада қызмет атқарса да Елбасы, Үкімет, облыс басшылығы қойған тапсырма-міндеттерді орындау үшін аянбай еңбек етті. Осы қызметтер барысында өзіне бағыт-бағдар берген аға буынға, өзімен бірге белжазбастан қызмет еткен орта буын өкілдеріне және жастарға айтар алғысы зор.

Жиын барысында сөз алған облыстық мәслихаттың депутаты Қатауолла Ашығалиев Рашид Сайранұлымен бірге тығыз жұмыс істегенін, соның нәтижесінде Салық кодексіне өзгерістер енгізілгенін айтты. Ал «су жаңа» сенатор Н.Төреғалиевқа елді мекендердегі бастауыш мектептерді жаптырмай, сақтап қалу бағытында іс-шаралар алу туралы өз ұсыныс-тілегін жеткізді. Р.Ахметовтың іскерлік, адамгершілік қасиеттері туралы баяндаған Қазыбай Бозымов Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың соңғы кезде салынған сегіз нысанының бойкөтеруіне Рашид Сайранұлы тікелей ықпал еткенін айтты. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың жатақханасының салынуына да оның көмегі тиген. Енді осындай игі істер Н.Төреғалиевтің тұсында өз жалғасын табарына үміт артатынын мәлімдеді.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале