7.03.2017, 18:14
Оқылды: 70

Шаһар басшысы ақ жаулықты аналарды құттықтады

IMG-20170307-WA0068Бүгін қала әкімі Нариман Төреғалиев Халықаралық әйелдер күніне орай "Мейірімді көктем" қайырымдылық акциясы аясында өңіріміздің өркендеуіне үлес қосқан аналарды үйлеріне арнайы барып құттықтады.


 

Мереке иелерінің ең үлкені ─ 102 жастағы Қабира Абатқалиева әжей. Ауылшаруашылық саласында еңбек еткен кейуананың қимылы ширақ.

IMG-20170307-WA0069Ал 94 жастағы Анна Букина ─ Ұлы Отан соғысының ардагері. Бейбіт заманда еліміздің болашағы үшін еңбек еткен майдангер "Зенит" зауытында жұмыс жасапты.

Бұл күні шаһар әкімі құттықтай барған аналардың тағы бірі ─ Нәбия Сейітқалиева. Тоқсан жасқа таянған әжей бұрынғы Фурманов аудандық комитетінің нұсқаушысы, облыстық комсомол комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.

Ақ жаулықты аналар көктемнің шуақты мейрамымен құттықтай келген қала әкіміне алғыстарын жаудырды. Тәуелсіздік таңын көргендеріне шүкіршілік еткен қариялар Елбасының қамқорлығына ризашылықтарын білдірді.

Ғасыр жасаған Қабира әжей Нариман Төреғалиұлының еңбегіне жеміс тілеп, батасын берді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале