8-707-808-48-55
15.08.2018, 16:50
Оқылды: 337
Шалқар көлінде 4 адам құтқарылды

ShalkarАғымдағы жылдың 14 тамызында БҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының №5 құтқару бөлімшесінің құтқарушылары Уахитов Темірболат пен Никифоров Олег Шалқар көлінде 4 адамды қатерден құтқарып қалды.


 

Шалқар көліне демалуға келгендердің ішіндегі 3 адам үрлемелі матрастың үстінде 2 шақырымға дейін, тағы бір адам одан да алыс қашықтыққа жүзіп кеткен. Мұны көрген құтқарушылар дер кезінде көмекке келіп, оларды жағаға алып шықты.

Белгілі болғанындай, матрасқа жатып, алысқа жүзіп кеткен достарына көмектесемін деп арттарынан көмекке барған азамат та оларға жетпей шаршап қалған. Оның үстіне жел де кедергі келтіріп, суға түсушілерді матраспен бірге ықтырып әкеткен. Осы аралықта үрлемелі матрастың желі де аздап шыққан екен. Құтқарушылар оларды катерге отырғызып, жағаға шығарғаннан кейін, судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

БҚО ТЖД Жедел құтқару жасағы

zhaikpress.kz

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру