30.06.2017, 16:29
Оқылды: 86

Шалқар көлінде 4 адам құтқарылды

Shalkar kytkarildi  Теректі ауданының Сарыөмір ауылының маңында Шалқар көлінің аумағында орналасқан №5 құтқару бөлімшесінің құтқарушылары көлдің жағасынан бір жарым шақырымдай жерде үрілген матрасты байқап қалады.

   Құтқарушылар тиісті жерге келгенде үрілген матраспен бірге 4 адамды күшті жел жағадан алысқа бағытқа алып кеткенін анықтады.


   Қуанышқа орай, зардап шегушілердің жағдайлары қанағаттанарлық болып, оларға дәрігерлік көмек қажет болмады. Зардап шегушілер жағаға жеткізілді.

  Құтқарушылар жігіттерді жағаға жеткізгеннен кейін олармен судағы қауіпсіздік ережелері және оны сақтаудың жолдары туралы жан-жақты әңгіме өткізді.

 

БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының

 құтқарушы-психологы

Л. Абдрахманова

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале