18.08.2017, 16:20
Оқылды: 39

Шекара қызметінің құрылғанына 25 жыл

«НұрОтан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметінің құрылғанына  25 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.


Мерейтойлық шараға облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев, шекара қызметінің басшылары мен қызметкерлері, сала ардагерлері қатысты.

Салтанатты шарада сөз алған №2029 әскери бөлім командирі, подполковник Бауыржан Рысбеков әріптестерін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Кәрім Мәсімов жолдаған жеделхат мәтінімен таныстырып, бір топ шекарашыларды мерекелік медальдармен марапаттады. ҚР ҰҚК Төрағасының бұйрығымен «ҚР Ұлттық комитетіне 25 жыл» медалімен доғарыстағы бірінші дәрежелі капитан Ахмеджан Шоқпытов, ІІ дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалімен прапорщик Арман Ажғалиев, аға сержант Асқар Гумаров,  ІІІ дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалімен капитан Қайнар Бакишев, аға сержант Нұрлан Елекешев сықылды бірқатар шекарашылар марапатталды. Сонымен қатар шекарашылар «Шекараны үздік күзеткені үшін» медаліне, Бөрлі және Зеленов аудандарының әкімдері  ІІ дәрежелі «Шекара қызметінің үздігі» медаліне ие болды.

20938118_10209871101346605_448987200_nӨңір басшысының атынан сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев шекара қызметінің тәуелсіз еліміз үшін маңыздылығына тоқталып, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

-Бүгінгі таңда еліміздің шекара қызметі заманауи техиналармен, құрал-жабдықтармен, тәжірибесі мол әскери мамандармен қамтылған. Біздің өңірдегі №2029 әскері бөлімі 2000 жылдың 10 қазанында құрылған болатын. Бүгінде Батыс өңірлік қолбасшылығының құрамында бірнеше шекара бөлімшелері бар. Олардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін барлық жағдай жасалған.  Осы бағыттағы қол жеткізген жетістіктер де аз емес. Өткен жылдың өзінде шекара қызметі жүйесінде 238 құқық бұзушылық тіркеліп, 496 азамат құқық бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. Елдегі заң талаптарына сай келмейтін жерлердегі шекарадан өтпек болған 384 азамат ұсталып, 132 заңсыз жүк тасымалы, 38 заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрі өткізбекші болған қылмыскерлер қолға түскен. Міне, осылардың барлығы сіздердің қырағылықтарыңыз, кәсіби шерберліктеріңіз бен қызметке деген адалдықтарыңыздың арқасында жүзеге асып отыр. Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін,-деді Бағдат Оразалыұлы.

Сонымен қатар салтанатты шарада бір қатар шекарашылар облыс әкімінің, департамент басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале