31.10.2018, 18:08
Оқылды: 50

Шекарада кептеліс жоқ

Жуырда ғана бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі арқылы Орал – Самара тасжолының бойындағы «Сырым» өткізу бекетінде бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі орын алғаны туралы хабар тараған еді.

sysym (6)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰҚК шекара қызметіне қарасты 2029 әскери бөлімінің қызметкері, майор Айгүл Нұртазина аталмыш мәселеге қатысты түсінік берді.

- Қазан айының соңында қазақстандық тараптың шекарада экспорттық бақылау нормаларын енгізуіне байланысты «Сырым» өткізу бекетінде үлкен кептеліс орын алды. Яғни, бір ауыр жүкті автомашинаны шекаралық бақылаудан өткізу үшін 2-10 минут аралығында уақыт жұмсалатын болса, осыған 2-15 минут уақытты алатын экспорттық бақылау қосылған еді. Экспорттық бақылауды мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жүргізеді. «Сырым» өткізу бекеті орналасқан Орал – Самара тасжолы халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер үшін Ресей астанасына дейінгі ең қысқа әрі сапалы жол болып саналады. Батыс Қазақстан облысы аумағынан Қазақстан –Ресей шекарасын кесіп өтетін ауыр жүкті автомашиналардың 70 пайыздан астамы «Сырым» өткізу бекеті арқылы өтеді. Бүгінгі таңда «Сырым» өткізу бекетінде экспорттық бақылау тоқтатылды. Шекаралық бақылау штаттық режімде жүзеге асырылуда. Соңғы мәліметтер бойынша шекарада көлік кептелісі жоқ, - деді Айгүл Ғалымқызы.

sysym (3) sysym (4) sysym (7)

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздіңInstagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале