29.03.2020, 16:23
Оқылды: 344

Шекарадан азық-түлік тауарының өтуіне шектеу жоқ

«Төтенше жағдай кезіндегі шекарадағы шектеулерге байланысты Батыс Қазақстанда азық-түлік қымбаттайды деген халық арасында тараған әңгіме негізсіз» дейді ресми орган. 27 наурыз күні Ресей Федерациясы коронавирус таралуының алдын алу мақсатында шекарадағы шектеу жайлы қаулы жариялады. Бірақ ол қаулы шекарадан адамдардың өтуі туралы, ал азық-түлік өнімдерінің тасымалына қатысы жоқ.

20200320170420_IMG_1435_800x533

-БҚО шекараларында жағдай қалыпты. Мысалы бүгін «Сырым» постында 51 көлік тұрды, бәрі де өткізілді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің азық-түлік өнімдерінің 9 түрін өткізбеу жайлы бұйрығы бар. Ал ол өнімдерді өткізбейтін елдер ішінде Ресей мен Қырғызстан енбеген. Бұйрық нақтыланғасын көліктер жіберілуде, ешқандай кептеліс жоқ. Көбінесе біздің Жамбыл облысының пияз бен қырыққабат өнімі Ресейге сатылуда. Ал Ресейден әкелінетін азық-түлік өніміне еш шектеу жоқ. Қазір бағаның өзгеруі байқалмайды, бәрі қалыпты. Ірі сауда орындарына күн сайын таңмен сараптама жасаймыз. Наурыз айының ортасында бағаның ауытқуы болды. Халық арасында «Ресейден азық-түлік кіргізілмейді, шекара жабылады» деген әңгіме тарағанда тұрғындар базарлардан азық-түлік, көкөністі жаппай ала бастады. Сол кезде әдетте үш аптада өтетін картоп көлемін халық үш күн ішінде сатып алып кетті. Алыпсатарлар бағаны қосқан жағдайлар болды. Қазір халық жағдайдың қалыпты екенін білген соң, баға тұрақталды. Негізсіз бағаны көтергендерге шара қолданамыз, - деді Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Қуанбаев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале