11.04.2017, 13:16
Оқылды: 25

Қаратөбедегі мал неден қырылды?

Облыстық ветеринариялық зертханаға зерттеуге 26 патологиялық материал жолданды, күні бүгінге бірінші  патматериалдардан пастереллез анықталды. Ал қалғаны зерттелуде, дейді  облыстық ветеринарлық басқармасының басшысы Қазыбек Тәшімов.


Айта кетейік, облыста жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларынан екі ошақ тіркелген. Соның ішінде бір мүйізді ірі қара қарасаны Бөкейордасы ауданында, бір ошақ ірі қара пастереллезі Қаратөбе ауданында анықталды. Қаратөбенің Қоскөл ауылдық округінде 6 ірі қара, 20 бұзау, 12 ұсақ мал, 23 қозы-лақ өлгені тіркелген.

- Қолымызда ветеринарлық зертхана нәтижесі болғандықтан, аудандық бас мемлекеттік санитарлық инспекторы өз ұсынысын ауылдық округ әкіміне ұсынады. Соның негізінде ауылдық округ әкімінің шешімімен шектеу шаралары енгізіледі. Шектеу шаралары бойынша аталған ауылдық округте мал қозғалысы тоқтатылады. Бұл уақытша 14 күндік шара, сондықтан облыстағы республикалық эпизоотияға қарсы отряд мекемесі өкілдері ауру ошақтарында, яғни елді мекендерде дезинфекциялау жұмыстарын және  лажсыз вакцинациялау жұмыстарын жүргізеді. Облыста жоспарға сәйкес, келген  вакцинамен мал егу жұмыстарын бастадық,- деді Қазыбек Тәшімов.

Гүлбаршын ДЫБЫСҚАЛИҚЫЗЫ

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале