12.09.2018, 16:00
Оқылды: 79

Шет елден мал әкелуге шектеу қойылды

Бүгін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында асыл тұқымды мал басына демеуқаржы төлеу ережесіне енгізілген өзгерістер мен шет мемлекеттерден асыл тұқымды мал тасымалдау тәртібін талқылаған кеңес өтті.

4f6d9711-e93a-4805-be10-9592c8c6abc0

            Кеңеске төрағалық еткен БҚО аумақтық инспекция басшысы Темірхан Қонақбаев күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігіне тоқталып өтті.

            -Бүгінгі таңда елімізде мал шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету мақсатында түрлі бағдарламаларды жүзеге асырылуда. Солардың бірі шет мемлекеттерден әкелінген асыл тұқымды малдарға демеуқаржы төлеу. Қазіргі уақытта біздің өңірмен шекаралас орналасқан Ресей елінің аудандарынан асыл тұқымды мал сатып алуға уақытша шектеу салынды. Оған себеп, ол жерлердегі малдардың жұқпалы ауруларға шалдығуы болып отыр. Атап айтар болсақ, көршілес Орынбор, Самара, Саратов облыстарында мал ауруы өршіп тұр. Ал Волгоград облысындағы малдар аусылға қарсы егілген. Біздің облыс елдегі 8 өңірмен қатар вакцинациялаусыз қолайлы аймақ ретінде Халықаралық эпизоотиялық бюросының арнайы мәртебесін иеленген. Сондықтан ол облыстан да асыл тұқымды мал сатып алуға болмайды. Облыс көлеміндегі асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын шаруа қожалық иелеріне орын алған келеңсіз жайт туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде,-деді аумақтық инспекция басшысы.

Сондай-ақ басқосуда БҚО ауыл шаруашылық  басқармасының мал шаруашылық бөлімінің басшысы Алмат Есполов мал басына демеуқаржы төлеу ережесіне енген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндады.

Оның мәлімдеуінше, биыл еліміз бойынша мал шаруашылығын мемлекеттік қолдауға 2 миллиард 600 миллион теңге қаражат бөлінген. Қолдау көрсетілетін 50 бағыттың ішіне қой, жылқы, ірі қара малдарын асылдандыру, биылдан бастап шошқа малын өсірушілер, ара шаруашылығымен айналысатындар кірістірілген. Шет мемлекеттерден сатылып алынған әрбір асыл тұқымды ірі қараға демеуқаржы төленбек. Бұл жердегі басты талап әкелінген әр бас мал республикалық палаталарға тіркеуге қойылу керек. Сондай-ақ алынған малдардың жастарына қойылған шектеулер де бар. Мысалға әкелінген асыл тұқымды қашарлардың жасы 18 айдан, ал құнажындардың жасы 26 айдан аспауы керек.

Шет мемлекеттерден мал тасымалдаудағы ережелер мен оған енгізілген өзгерістер туралы БҚО аумақтық инспекция басшысының орынбасары Шолпан Қайрмұханова айтып берді.

Мамандар келтірген деректерге сүйенсек, Ресей Федерациясында саттыққа шығарылатын жануарларды өсірумен айналысатын шаруашылық субъектілері Россельхознадзордың сайтында орналастырылған Кеден одағының кәсіпорындар тізімінде болуға тиіс. Сонымен қатар елге әкілінетін малдардың толық тексірістен өткен анықтамалары талап етілуі шарт. Біздің өңірде Ресей елінен ауру мал әкелудің бір факторы тіркелген. Бүгінде ол шаруа сатып алған малдарын кері апару жұмыстарымен шұғылдануда.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

Zhaikpress.kz

iri qara mal

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале