8.08.2019, 17:02
Оқылды: 783

Шымболат Тналиев, АҚШ-тағы Вирджиния университетінің студенті: «Зияткерлік мектеп оқушыларымен бір командамыз»

Оралдағы Зияткерлік мектеп түлектері мен оқушылары тамақтану орындарына арналған жаңа төлем жүйесін жасақтады. «PiePay» бойынша тұтынушы мекеме ұсынған арнайы pау карта арқылы тө­лем жасай алады.  Жоба жетекшісі –АҚШ-тағы Вирджиния унисерситетінің студенті, мектеп түлегі Шымболат Тналиев. Талапты жас Финляндия, Түрк­ияда білім алып жатқ­ан мектеп түлектері мен оқушылардың басын қосыпты.

IMG_2221

 

– Шетелде қазақстандық студенттер маған көп көмектесті. Мен де білген-түйгенімді өзгелермен бөлісуді парызым деп санаймын. Бізд­ің шетелде жинақтағ­ан тәжірибе мен оқушылардың білімі бір арнада тоғысты, – деп бөлісті Шымболат.

Команда мүшелерінің әрқайсысына түрлі мі­ндеттер жүктелген: бірі бағдарламалаушы қызметін атқарса, қа­лғандары дизайн жаса­у, қаржылық сұрақтар­ды реттеу, маркетинг, ұйымдастыру жұмыст­арына жауапты.

Жастардың сөзінше, жаңа төлем жүйесі уақ­ыт үнемдейді, тапсыр­ысты жеделдетеді. Со­нымен қатар жеке мәл­іметтер қажет болмағ­андықтан, тұтынушы қауіпсіздігін қамта­масыз етеді. Қазір инвесторларм­ен келіссөз жүргізіл­уде. Көп ұзамай Алма­тының тамақтанатын мекемесінде тестілеуд­ен өтпек.

–Бі збұл жо­баны «трамплин» деп атар едік. Себебі ст­артапты бастау, өнім­ді ұсыну жолдары, ко­мпаниялармен қарым-қ­атынас сияқты тәжіри­бе жинақтап жатырмыз, –дейді 11-сынып оқушысы Данияр Жарқынұлы.

Түлектерден үлгі алғ­ан оқушылар да мект­еп игілігі үшін бірқатар жобаны қолға алған. Даниярдың сөзінше,  қазір оқушыларға арна­лған дербес сайт жас­алуда. Соным­ен қатар облыс мектептері оқушыларының қатысуымен түрлі жарыстар ұй­ымдастыру жоспарда.

Айта кететіні, коман­да мүшелері – мектеп­тегі робототехника курсының қатысушылары. Осы жерде олар әркімнің белгілі бір салада қабілеті бар екенін аңғарыпты.

– 5-сыныптан бастап шетелде білім алуды армандадым. Арманымды ақиқатқа айналдырған физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі ұстаздарына алғыс айтамын. Басты жоспарым – Отаныма оралып, электр энергетикасы саласына үлесімді қосу, – дейді болашақ инженер Шымболат.

Айдана Хамидуллина,

Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале