13.04.2017, 12:42
Оқылды: 41

Сирек тұқымды балықтар тәркіленді

Balik tarkilendi    Батыс Қазақстан облысы Жергілікті полиция қызметкерлері «Бекіре» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында екі бірдей фактінің жолын кесті.

   8 сәуірде «Атырау-Орал» тас жолындағы «Көшім» бекетінде 1972  жылы туылған азаматтің тізгініндегі «ВИС» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексерілді. Аталған көлікті тексеру барысында жүк салғыштан 24 қап мөңке балық, табан, торта секілді сирек тұқымды балықтары табылды. Тасымалдауға рұқсат беретін ешқандай құжаты жоқ балықтар тәркіленді.


   Тағы бір жағдай – «Атырау-Орал» тасжолының 369-шы шақырымында тоқтатылған «Фольксваген Пассат» көлігінен 800 кг табан және қылышбалық тұқымды балықтар тәркіленді. Көлік тізгінінде 1965 жылы туған азамат болған.

   Қазіргі уақытта бұл фактілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 196-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале