24.05.2017, 22:37
Оқылды: 37

Славян жазуы мен мәдениеті күніне арналды

24 мамыр - славян жазуы мен мәдениеті күні. Және тура осы күні әйгілі орыс жазушысы Михаил Шолохов  дүниеге келген.


Осыған орай, өңір жұртшылығы сүйікті жазушысын еске алып, оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Естеріңізге сала кетейік, Михаил Шолохов - “Дон әңгімелері”, “Мұнарлы дала”, «Көтерілген тың», «Отан үшін от кешкендер», «Адам тағдыры» атты кітаптардың авторы.

Бұдан кейін облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен облыс әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» ММ ұйымдастыруымен Достық Үйінде славян жазуы мен мәдениеті күніне арналған дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш жиыннан кейін шараға қатысушылар мерекелік концертті тамашалады. Бұған облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, Орал қаласындағы Ресей Федерациясының вице-консулы Юрий Пономарев және орыс мәдени орталығының төрағасы Сергей Погодин арнайы қатысып, жиналғандарды баршаға ортақ мереке күнімен құттықтады. Шара барысында олар облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының жұмысына белсене қатысқан мектептерге ризашылықтарын білдіріп, алғысхат табыс етті.

Концерттік бағдарламада «Мария ханым» салонының сән үлгілері көрсетілді. Және түрлі ұлттың билері биленіп, әндері шырқалды.  Мерекелік шаралар легі түс қайта Дариян ауылында жалғасты. Аталмыш ауылдағы Шолохов атындағы мұражайда «Орал өңірінің Шолоховы» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

  • Айша ӨТЕБӘЛІ,
  • zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале