12.12.2018, 18:30
Оқылды: 30

Соңғы 6 жылда пайдаланылмаған 1 млн. 480 мың гектар жер анықталған

Елбасы тапсырмасына сәйкес облыста жергілікті және өкілетті құрылымдармен пайдаланылмаған жерді анықтау, кері қайтару және қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына қосу бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Мұндай жұмыстарды жүргізудегі басты мақсат – жерді толықтай игеру және ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсімін қамтамасыз ету.

big_aac5634b464c24d684d073223f077ff8

Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлия Мұханбетжанованың айтуынша, 2012-2018 жылдар ішінде пайдаланылмаған 1 млн. 480,5 мың гектар жер анықталса, соның 1022,1 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылған. Осы кері қайтарылған жердің 590,4 мың гектары жаңа жер пайдаланушыларға берілген. Жер шалғайлығына, өнім түсімінің төмендігіне байланысты 431 мың гектар жер сұранысқа ие болмай, ауыл шаруашылығы айналымына қосылмай қалды. Оның негізгі бөлігі Жәнібек, Қазталов, Ақжайық, Бөрлі, Сырым және Шыңғырлау аудандарына тиесілі. Сондай-ақ, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жерді пайдаланушылар 363,7 мың гектар жер алқабын мақсатқа сай игеріп үлгерді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді игермеу фактілерін анықтау жұмыстары жалғасуда.

Гүлбаршын Әжігереева,

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале