19.01.2017, 17:41
Оқылды: 36

Сот көмегіне жүгінушілер саны азайған

    Бұл жайлы Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған  ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Исатай Сматов баяндады.

Исатай Маратұлы баяндаған статистикалық мәліметтерге сүйенсек,  2016 жылдың 12 айында сотқа 2955 арыз түскен. Оның ішінде  шешім шығару арқылы қаралған 2347 азаматтық істің 18-і сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралып, заңды күшіне енген. Жалпы өткен жыл бойына келіп түскен арыздар санын 2015 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 501 арызға немесе 16,9% кеміген. Соның ішінде, мемлекеттік сатып алуға заңсыз қатысушы деп тану және басқа санаттағы талап арыздар азайған. Сот өндірісінен қысқартылған істердің 87-сі азаматтық іс бітімгершілік келісім арқылы, 92 азаматтық ісі медиация қолдану арқылы аяқталған.

«Сот кабинеті» сервисі  арқылы 2015 жылы 2060 электронды құжат түссе, 2016 жылы сервис қолданушылары 2894 электронды  құжат  жолдаған.  «Сот кабинеті» сервисі арқылы электрондық нысанда талап арыздарды, сот хаттамасын беру туралы арызды, хаттамаға ескерту арызды беруге болады. Сонымен қатар электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық қадағалау іс жүргізуіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге жол ашады. «Сот кабинеті» сервисі тағы бір ерекшелігі пайдаланушыға ыңғайлы кез-келген орындағы интернет желісі арқылы мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге болады.

Апелляциялық, кассациялық саты соттарымен  бұзылып-өзгерген  істер 2015 жылы 1,4 пайызды құраса, 2016 жылы  1,1 пайыз болып отыр.  Осы негізде Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты азаматтық істерді қарау сапасы бойынша республикалық соттар арасында  екінші  орында  тұр.

Нұрбек Зәкәрияұлы,

www.zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале