21.04.2017, 16:16
Оқылды: 22

Сот жүйесін реформалау жайы талқыланды

 

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов «Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде сот жүйесін реформалау» тақырыбында дәріс оқыды.


БҚО облыстық сотының төрағасы Бек Әметов өткен жыл Қазақстанның сот жүйесінің дамуының жаңа кезеңінің бастауы болып, Ұлт Жоспары іс жүзінде қамтамасыз етіліп, сот жүйесіне қатысты барлық жаңашылдықтар елімізде заңнамалық деңгейде қарқынды жүзеге аса бастағанын хабарлады.

Ол өз сөзінде елдің құқықтық алаңында болған түбегейлі өзгерістерге сәйкес, Президенттің мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы тапсырмасына тоқталды. Сонымен қатар Ұлт Жоспарының 17-қадамына сай, Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілдігі, соған сәйкес судья лауазымына үміткерлердің еңбек өтілі мен жасына қойылатын талаптар өзгертілгендігі туралы хабарлады.

Сондай-ақ сот төрағасы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының стратегиялық бағыттары жөнінде айтып, әрбір қазақстандық үшін мақаланың маңыздылығын атап өтті.

Кездесуде БҚО сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру тақырыбына тоқталды. Спикер Президент қол қойған жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі сот істерін қарауды жеңілдететінін айтып, процеске қатысушылардың бәсекелестік қағидатын күшейтудің негізгі жаңа енгізілімдері, жеңілдетілген өндірістің жаңа институтын енгізу және бұйрық өндірісі  аясын кеңейтуді қолдануды хабарлады.

БҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мирамбек Нағашыбаев қылмыстық заңнамадағы жаңа енгізілімдер туралы әңгімеледі. Ол тергеу судьяларының институтын күшейту туралы айтты.

Судьялар корпусы жиналғандарды республика судьяларының VII съезінде қабылданған жаңа судьялық әдеп кодексімен таныстырып, судьялыққа үміткерлерді іріктеудің жаңа жүйесі және жұмыс жасап жүрген судьяларға қойылатын талаптардың күшейтілгенін жеткізді.

Жиын соңында көпшілікке «Сот жүйесі: кеше, бүгін, ертең» атты деректі фильм көрсетілді.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале