14.10.2019, 13:38
Оқылды: 59

Спорт алаңдары салынады

Биыл ТҮКШ-тің жаңғырту бағдарламасымен Зачаган кентіндегі Джаникешева, 4-үйдің төбесін жөндеу жұмыстары аяқталған. Бұл жұмысқа 20,2 млн. теңге жұмсалған.

WhatsApp Image 2019-10-14 at 10.22.55 (1)

- Жәңгірхан көшесі, 11 (50,1 млн.теңге), 25-Чапаев дивизиясы, 3 (35,5 млн.теңге), 2-Линейная, 1/3 (36,9 млн.теңге) үйлері мемлекеттік экспертизадан өтіп, жобалық сметалық құжаттама жасақталды. Мердігер – «Батыс Құрылыс» ЖШС.

Строитель көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеуге жұмысы толықтай аяқталды.

         25-Чапаев дивизиясы көшесінің жолын жөндеуге ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Саратовская көшесі бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын.

         Сарытау шағынауданы, М.Мөнкеұлы көшесі бойына комплексті спорт және балалар ойын алаңын салу үшін жобалақ сметалық құжаттама жасалды. Бұл жаңадан спорт алаңдары салынады деген сөз.

Зачаган кентінде 85 қоқыс алаңы болса, қоқыс жәшіктерінің жалпы саны 309, соның 127-і евро жәшік. Биыл келісімшартқа отырған «Таза Аудан» ЖШС жаңадан 80 жәшік әзірлейді. Бөлінген қаражат 5280,0 мың. теңге. Сонымен қатар «Таза Аудан» ЖШС ескі евро жәшіктерді жөндеп, қалпына келтіреді, - деді Зачаган кентінің әкімі Әділбек Қадыров баспасөз брифингінде.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале