5.02.2018, 10:16
Оқылды: 21

Сталинград шайқасына - 75 жыл

Орал қаласындағы Жеңіс алаңында Сталинград шайқасының 75 жылдығына арналған шара өтті.

Аталмыш шараға республикалық «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рүстем Қайдаров бастаған  генералдар және облыс әкімі Алтай Көлгінов арнайы қатысты.  Шараға жиналған көпшілік «Мәңгілік алауға» және батыр қыздар ескерткішіне арнайы барып, рухына  тағзым етті.

- Сталинград шайқасына батысқазақстандықтар зор үлес қосты.  Сталинградтағы әскерлерге қару-жарақ, азық-түлік, жылы киімдерді уақытымен жеткізуде оралдықтардың көмегі зор болды. Тіпті танк корпусына әр отбасы өз үлесін қосып, қаржы жинап берген. Соғыс болмас бұрын Қазақстан Республикасында 6 млн халық  тұрған. Соның бір  млн. екі жүз мыңы әскер қатарына шақырылып, 102 мыңдай адам хат-хабарсыз кеткен. Ел есінде қалған үш батыр қыздың да батыстан болуы тегін емес. Сондықтан тарихи күнде біз  батысқазақтстандықтарға алғыс айту үшін арнайы келдік - дейді «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы генерал-майор Рүстем Қайдаров.

Сталинград Қазақстанға ең жақын орналасқан майдан шебі болды. Дон мен Еділ аралығында  екі жүз  тәулік бойы жүрген  сұрапыл шайқас неміс фашист әскерлерін талқандаудың басы болған еді.  Сталинград шайқасына жүздеген мың совет жауынгерлері қатысып, ерліктің  тамаша үлгісін көрсетті.  Қазақстан аумағында 50-ге жуық фронт құрылған. Аумағы 100 мыңға шақырымға жеткен Сталинград түбіндегі шайқас оған қатысқан жауынгерлер мен  әскери техника саны бойынша адамзат тарихындағы  ең ірі шайқастардың бірі болды. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн. 200 мың жауынгер, Батыс Қазақстан облысынан 76 мың жауынгер майданға аттанды.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

Суреттерді түсірген Темірболат Тоқмамбет

Темирболат Токмамбетов05 Темирболат Токмамбетов10 Темирболат Токмамбетов12 Темирболат Токмамбетов13

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале