28.05.2015, 21:16
Оқылды: 27

«Startup» ұйымдастырған шара

ZHҰлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Startup» бизнес мектебінің тыңдармандары ҰОС ардагерлеріне арнап қайырымдылық  жобасын ұйымдастырды.

Аталмыш жоба жеке бизнес құруға жоспарланған тренинг аясында  оздырылды. Жобаны Бағдад Уалиев бастаған бизнес мектебінің тыңдармандары Шыңғыс Ниязбеков, Валерия Бутенко, Антон Сармин, Айнұр Уалиахметова, Сәлима Әнесова, Артур Абдрахманов, Гүлайым Байденова, Генадий Коробейников ұйымдастырды.  Қалалық саябақта өткен бұл шараға қыдырып жүрген қалалықтар қатысып, «Гитлер капут» атты атракционда бақ сынады. Бұл ойынның ережесі бойынша берілген 7 мүмкіндікте жеті шар жарып, бас жүлдені жеңіп алуы керек. Әр мүмкіндік 200 теңге тұрды. Жарысқа қатысқан үміткерлер бес сағат уақыт аралығында 10000 теңге қаржы жинады. Бұл жобадан түскен қаржы ҰОС-ның ардагері Сағызбай Есенғалиұлы Серекешевке азық-түлік алуға ұсынылды.

Қарт жауынгер, ішкі істер органының ардагері, полковник  С. Серекешев Бағдат бастаған жастардың бұл бастамасына сәттілік тілеп, аға ұрпақтың қанымен, жанымен келген бейбітшілікті қадірлеуді, халықтар достығын құрметтеуді өтініп, батасын берді. Шара соңында сөз алған жоба жетекшісі Бағдат Уәлиев те өз кезегінде,

– Біздің белсенді жастардың ұйымдастырған жобасына белсене  қатысқан қаланың тұрғындарына және С. Киров атындағы мәдени-демалыс саябағының әкімшілігіне алғыс айтамыз, - деді.

www.zhaikpress.kz

                                                                  Гүлсезім БИЯШЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале