31.03.2017, 18:14
Оқылды: 96

Студенттік театрлар Орал сахнасында

student (1)   «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығы бойынша оқитын студенттердің IX республикалық олимпиадасы Орал қаласында өтті. Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен студенттік театр фестиваліне М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінен 60-тан аса студенттер қатысты.


         Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттік театры өткен жылғы бұл жарыста бірінші орынды  иеленгендіктен, биылғы студенттік театр фестивалін ұйымдастыру құқығын жеңіп алған болатын. Бірақ махамбеттік студенттер биылғы байқауға қатыспай, одан тыс өнер көрсетті.

         Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, студенттер олимпиадасы 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде олимпиадаға қатысушылар пәндер бойынша тест түрінде сыналып, теориялық білім деңгейлерін көрсетті.

      student   Сондай-ақ биыл Алаш Орда қозғалысына 100 жыл толуына орай - екінші кезеңде әр топ «Алаш – алтын бастау» тақырыбында дайындалған шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

         Сайыс қорытындысына келетін болсақ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
– бірінші орын, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті екінші орын және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жүлделі үшінші орынды өзара бөлісті.

         Қазылар алқасы құрамында болған БҚМУ-дың мәдениет және өнер факультетінің деканы Мейрам Исатаевтың айтуынша, бұл байқаудың студенттердің сахналық сөйлеу, режиссерлік жұмысы, сахнада ойнау шеберлігі жағынан дарынды студенттерді анықтау үшін көмегі көп екен. Қатысқан студенттерге арнайы дилом, сертификаттар мен сыйлықтар берілсе, оқу орны басшыларына алғыс хаттар табысталған.

         Айта кету керек, елімізде осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған олимпиада Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің 85 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр.

Әділғазы Кереев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале