7.03.2017, 16:04
Оқылды: 46

Суармалы егісті бес жылда 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу қажет

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов осылай деді.


- Жерді пайдалану тиімділігін арттыру мәселесі де назардан тыс қалмақ емес. Облысымызда 162 мың га көлтабандық (лиман) және 51 мың га тұрақты суармалы жерлер есепте тұр. «Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасының» аясында облыста бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Қазіргі таңда 46 лиманды суару учаскесінің құқық белгілеуші құжаттары толық, оның 38 лиманды суару учаскесіне (80 мың га) өткен жылы құжаттары жасалынған болатын. Елбасының тапсырмасына сәйкес лиманды суару учаскелерін республикалық меншікке беру жұмыстары жүргізілетін болады. Биыл су шаруашылығы нысандарының құрылыс-монтаж жұмыстарына облыстық бюджеттен 288,4 млн. теңге бөлінді.

Жобалық құны 107,8 млн.теңгені құрайтын Сырым ауданындағы Өлеңті лиманды суару жүйесін қайта қалпына келтіру және Тоғанас ауылындағы тұрақты суару жүйесін қалпына келтіруге арналған жобалық құны 103,4 млн.теңгені құрайтын Шолақ-Аңқаты су қоймасының құрылыстарын күрделі жөндеу бойынша басталған жұмыстардың аяқталуы осы жылға жоспарлануда, - деді Арман Өтеғұлов.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале