30.03.2017, 15:00
Оқылды: 26

«Сүт өнімдерінің 35-40 пайызы сырттан келеді»

Бұл жайлы өңіріміздегі агроөнеркәсіп кешені саласының дамуы жөнінде кеңесте айтылды.

Бұған ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы кооперациясы департаментінің директоры Берік Нигмашев және облыс көлеміндегі ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

- Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу үшін жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалануымыз керек. Ол үшін ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту қажет. Қазіргі таңда елімізде сүт пен еттің 75-80 пайызын және ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы ішкі өнімінің жартысын жеке қосалқы шаруашылықтар өндіреді. Сүт өнімдерінен сары майдың 35 пайызы және ірімшіктің 40 пайызы сырттан келеді. Елімізді азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы кооперативтері арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеп, оларды нарыққа шығаруды қолға алу керек. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру дегеніміз, бұл-экономикалық жағынан бірігу. Бүгінгі таңда елімізде осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүруде, - деген Берік Нигмашев одан әрі елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге оңтайлы жағдай жасалып отырғанын айтты.

Оның сөзінше, кооперативтердің  инвестсубсидия  мен шығындарға жәрдемқаржы алуға, өткізілген өнім үшін субсидия алуға мүмкіндігі бар. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қажетті сүт қабылдау орнын ашуға, оған қажетті құрал-жабдықтарды төмен несиемен алуға болады. Шаруаларды «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несиелеуге дайын.

Айша ӨТЕБӘЛІ,

    zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале