8.11.2019, 16:40
Оқылды: 140

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы танымдық тренинг өтті

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті, «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі «Парасаттылық мектебі» тақырыбында танымдық семинар-тренинг өткізді.

 Фотограф Халелов Рафхат (44)

Батыс Қазақстан облыстық жоғары аграрлық-техникалық колледжінің кітапханасында өткен семинар-тренингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуде азаматтық қоғамның белсенділігінің рөлі жоғары екені айтылды. Қоғамның әрбір мүшесінің жауапкершілігі мен парызы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру идеологиясын ілгерілету мән-маңызын жан-жақты ашып көрсетілді.

Семинар-тренингтің алғы сөзін ашқан Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Әділгерейқызы, ҚР СЖҚІҚА БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет аталған мәселенің күн тәртібінен түспейтінін, онымен күрес жүргізудің, алдын-алудың өзектілігін кеңінен айтып өтті.

Фотограф Халелов Рафхат (59)

Семинар-тренингте ҚР СЖҚІҚА БҚО бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасы басшысы міндетін атқарушы Біржан Хайруллин, ҚР СЖҚІҚА БҚО бойынша департаменті жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторинг тобының басшысы Айгүл Туркина және «Ақжол» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлия Салиева, ҚР СЖҚІҚА БҚО бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасы бас маманы Гүлнұр Мырзақаева студент жастарға түрлі практикалық жұмыстар жүргізді.

Фотограф Халелов Рафхат (82)

Семинар-тренингте бәріне кінәлі заман, қоғам деп, уақыттың еншісіне жаппай, парасаттылық пен мәдениетке ұмтылу, бойымызға сіңірген жаман қасиетіміз қанымызға сіңбей тұрып өз-өзімізбен күресу қажеттілігі жан-жақты талқыланды. Сыбайлас жемқорлықты жеңу, онымен күресуді әркім өзінен бастауы қажеттігі айтылды.

Шара соңында тыңдаушыларға сертификаттар табыс етіліп, жастарға қоғамдық дертке айналған жемқорлыққа қарсы күресте өздерінің азаматтық белсенділіктерін көрсетіп жүру қажеттілігі насихатталды.

Фотограф Халелов Рафхат (96)

Фотограф Халелов Рафхат (90)

         Азамат Бақиев,

М.Өтемісов атындағы БҚМУ 4-студенті,

суретті түсірген Рафхат Халелов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале