27.02.2018, 15:17
Оқылды: 42

Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе қоғам өкілдерінің белсенділігіне байланысты

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны арнайы мониторингілеу облыстық тобының қызметі және «ҚР үздік мемлекеттік қызметі» байқауы» тақырыбына арналды. Брифингке ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Б.Исақов және аталмыш Департамент жанындағы арнайы мониторингілеу тобының басшысы Ә.Салиева қатысты.

Ә.Сәлиеваның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның орындалуына сыртқы талдау жүргізу және бағалау үшін 2016 жылы біздің облыстағы департамент жанынан арнайы мониторингтік топ (АМТ) құрылған.

 

Қоғамдық бақылаулар нәтижесінде БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде пандус орнатылды. БҚО қорғаныс істері басқармасында және Орал қалалық қорғаныс істері басқармасында пандус орнату үшін қаржы көздері қарастырылуда)

БҚО денсаулық сақтау басқармасында, БҚО фармация басқармасында және өзге де 10 мемлекеттік мекемелерде сенім телефондары көрсетілген ақпараттық тақтайшалар жаңартылды, Зеленов аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміндегі жұмыс кестесі түзетілді.

ІІД-нің көші-қон және әкімшілік полиция басқармаларында «ұсыныстар мен арыз-шағымдар кітаптары» ашылды, отыратын орындықтар көбейтілді, кезекті электронды басқару жүйесі іске қосылды, мемлекеттік қызметтерді алудың бизнес-процестері үшін ақпараттық нұсқамалар жасақталды.

Мемлекеттік кірістер басқармасында қызмет алушылар үшін құжаттарды қабылдау және кеңес беру бойынша жайлы жағдайлар туғызылды, бұрынғы қызметтік көлік тұрағы енді азаматтарға да ашылды.

-Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе қоғам өкілдерінің белсенділігіне байланысты. Әлеуметтік желілердің және өзге де медиаресурстардың дамуына байланысты жаппай жемқорлыққа қарсы тұру айрықша күш алуы тиіс. Өз жұмысында АМТ тек қана қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың емес, сонымен қатар азаматтық қоғам мүшелерінің де көмегіне арқа сүйейтін болады, - деп атап өтті Ә.Сәлиева.

Б.Исақовтың айтуынша, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру мақсатында 2017 жылы алғаш рет «Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсы ұйымдастырылған. Ағымдағы жылы аталған конкурсты өткізу мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдығын мерекелеуге арналып, жаңа форматта ұйымдастырылуда.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 23 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшісі күніне  орайластырылған.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале