14.01.2021, 21:06
Оқылды: 267

Сыншылар жүлдесімен марапатталды

Бүгін «Халықаралық театр сыншылары бірлестігі» өткен жылды қорытындылап, қазақстандық театрлар атқарған жұмысты саралады.

 теа

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Пандемияға байланысты ZOOM платформасында өткен онлайн шараға театр сыншылары, Қазақстан театрларының басшылары, көркемдік жетекшілері қатысты.

Театрларға сараптаманы отандық сыншылар жүргізді. Олардың қатарында Анар Еркебай, Сания Қабдиева, Бақыт Нұрпейіс, Амангелді Мұқан, Меруерт Жақсылықова, Зухра Исламбаева, жас театртанушылар Назерке Құмарғалиева, Моншақ Бекайдарова, Ұлжан Құрманбай, Жансая Тұрмағанбет бар.

Театр сыншысы, бірлестіктің Қазақстандағы жетекшісі Анар Еркебай ​еліміздегі мемлекеттік және тәуелсіз театрлар арасында карантин уақытындағы театрлардың аяқ алысы туралы айтып берді. Оның айтуынша, биыл мониторингке 60 театрдан 40 театр қатысып, сауалнамаға жауап берген.

театр

Сыншылар шығарған көрсеткіш бойынша 2020 жылғы онлайн форматтағы жұмыстың нәтижесінде Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры үздік ондыққа кірді.

Мұнымен қоса театр өнері саласындағы арнайы үздіктерге «Сыншылар жүлдесі - 2020» марапаты берілді. «Жылдың жаңа есімі» номинациясымен Хадиша театрының бас режиссері Гауһар Адай, ал театр актеры Ербол Есендосов «Мен» қойылымындағы Мен рөлі үшін «Үздік актер» номинациясында сыншылар жүлдесімен марапатталды.

 

Хадиша Бөкеева атындағы облыстық

қазақ драма театрының ақпарат бөлімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале