23.02.2017, 15:42
Оқылды: 42

Сырым батыр мерейтойының логотипі бекітілді

Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында Сырым Датұлының 275 жылдығының логотипі анықталды.


- Осыдан бір ай бұрын Сырым батырдың 275 жылдығына арналған логотипке байқау жариялаған болатынбыз. Бүгін комиссия мүшелері суретші Бекжан Жұмабаевтың жұмысын үздік деп тапты. Бекжан өңірімізге белгілі график-суретшілердің бірі. Байқауға Сатыбалды Құлбеков, Асылбек Сержан, Самал Ихсанова сияқты талантты суретшілер қатысқанын айта кетуіміз керек. Бекжан Жұмабаевтың туындысын жыл бойына өткізілетін Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған барлық шараларға пайдаланатын боламыз,- дейді Сырым Датұлы атындағы қоғамдық қордың атқарушы директоры Айнагүл Ойшыбаева.

Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале