15.11.2019, 17:53
Оқылды: 376

Сырымдық жас айтыскерлер жүлделі орын алды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты БҚО филиалы мен Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Жырласа, жастар жырласын!» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті.

 aitys (4)

Оған айтыс түлектері мен мектеп оқушылары қатысты. Айтысқа «Ақ берен» жас ақындар мектебінің жетекшісі Талап Таймасұлы, «Алтын домбыра» байқауының жеңімпазы Жансая Мусина, халықаралық, республикалық айтыстардың жүлдегері Талғат Мықи, «Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев төрағалық етті.

– Сөз сайысына түскен 14 жас ақын қатарында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің студенттері және мектеп оқушылары бар. Ең бастысы, жастар арасында ұлттық өнерді, рухани құндылықтарды дәріптеу, жаңа таланттарды жарыққа шығаруды мақсат тұттық, - дейді доданы ұйымдастырушылар атынан Ерлік Шамғали.

aitys (6)

Айтыскерлер бірін-бірі өткір әзілмен түйреп, елдік және бірлік мәселелерін қал-қадерінше толғады. Олардың ішінде айтыс әлемінде томағасын жаңадан сыпырған түлектер болды. Айтыстың қорытындысында Сырым ауданының жас ақыны, Ж.Досмұхамедов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Қоңдыкер Елеуов бірінші орын алып, Жаңақала ауданаралық сауықтыру орталығында демалу үшін оған 100 мың теңгенің сертификаты берілді. Ақжайық ауданындағы Еңбекші мектебінің 7-сынып оқушысы Абзал Наурызғали екінші жүлде – 70 мың теңгенің сертификатын иеленіп, Теректі ауданындағы «Нұрберген» шипажайына жолдама алды.

aitys syrym (3)

Ал Сырым ауданындағы Қ.Мырзалиев атындағы мектептің 7-сынып оқушысы Ерасыл Өміржан 30 мың теңгенің сертификатына ие болды. Басқа ақындардың бәріне ынталандыру сыйлықтары берілді.

aitys syrym (1)

Айта кетейік, жүлделі болған сырымдық өрендер – жас ақын, республикалық айтыстардың жеңімпазы Бауыржан Ширмединұлының айтыс сахнасына алғашалып шыққан шәкірттері.

aitys syrym (2)

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале