5.07.2017, 21:35
Оқылды: 829

Табиғатымен шырайланған Шыңғырлау (ФОТО)

Shingirlau 01   Турға қатысушылар сапарын Шыңғырлау ауданы орталығындағы қуғын - сүргін құрбандарына және Ауған соғысының ардагерлеріне арналған саябақтан бастады.  Оның ішінде Бөкенбай батыр, Тіленші батыр, Жоламан Тіленшіұлы батырларына арналған ескерткіштерге ат басын бұрды.


         Одан соң Шыңғырлау ауданынан шыққан ҰОС-ның төрт батырының монументтерімен, аудандық орталық саябақтағы Қалампыр Рақымқызының ескерткішімен, оның қасындағы жас жұбайларға арналған қос аққу монумент-ескерткіштерімен естелік суретке түстік.

         Кейін бір топ жас Елек өзеніне аялдадық. Осы жерде айта кететін бір жайт, Шыңғырлау – басқа мемлекетпен шекаралас ауданның бірі. Ол Ресейдің Тұзтөбе, Елек аудандарымен ежелден тығыз байланыс жасап келеді. Бұл өзенді шекара сызығы десекте болады. Арғы бетін Ресей Федерациясы, бер жағын Қазақ елінің шекара қызметі тынымсыз күзетуде.

Konakai kol         Сапарымыз Шыңғырлау ауданы орталығына екі шақырымдай орналасқан «Қонақай» көлінде жалғасты. Биыл көлдің арнасы суға толыпты. Соның әсері болар, балық келіп, судың бетінде жүзіп, көгінде ақ шағалалар қаптап ұшып жүр. Бұл өзеннің ұзындығы екі мың метр, тереңдігі сегіз метрге дейін барады екен. Кезінде осы Қонақай көлінің маңында соғыстан бұрын ауыл болған. Он шақты үйі бар. Сол ауылдың аты Қонақай деп аталған екен. Бұл туралы бізге екі жылдан бері ауданның табиғатын, тарихын зерттеумен айналысып жүрген мектептен тыс орталығының директоры Есенов Қуаныш айтып берді.

UAZ         Түске дейінгі саяхатымыз Қонақай көлімен тәмамдалып, аудан орталығына қайта оралдық. Түстеніп алып, алыс жолға дайындалдық. Бұл жолғы сапарымыз ұзақ, әрі таулы-тасты, құмды болғандықтан, қаладан келген көлігімізден басқа көлікке отыруға тура келді. Біз үшін аудан орталғынан дайындап қойған жол талғамайтын екі УАЗ-ға бөлініп мініп, жолға шықтық.

         Сағат жарым жолдан соң, Полтавка ауылы арқылы бабаларымыздан қалған талай аңызға өзек болған Торатбас тауына келіп жеттік. Екі жол талғамайтын көліктің бірі сыртынан тамашалап сапарын әрмен қарай жалғастырып кетті. Ал екінші топ болса, Торатпас шыңын бағындыруға кірісіп кетті.

Торатбас 01

Торатбас 04

Торатбас 03

       Торатбас тауы - Торатпас елді мекенінің солтүстігіне қарай 3 километр жерде орналасқан геологиялық ескерткіш. Тау теңіз деңгейінен 212 метр биіктікте орналасқан. 1960 жылы тау статусы берілген екен. Біздің топқа жол серік болған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Тілеген Қалиевтің айтуы бойынша, кезінде бұл таудың басында ат құлағындай екі құлағы болған деседі. Кеңес үкіметі құрылып, тың игеру заманында көшпелі заманнан отырықшылық кезеңге ауысқанда таудың екі құлағын баз, қоралар салуға шешендер пайдаланған деседі. Қазіргі заманда бұл таудың тек ат мойнындай мойны қалған.

Торатбас 02

    -Біз Шыңғырлау ауданына келіп, осы жақтың табиғаты мен тарихтан сыр шертетін ескерткіштермен танысуды алдымызға мақсат етіп қойғанбыз. Бүгін сол Торатбас тауының басына шықтық. Шыны керек, маған оңай болған жоқ. Бұл да бір сынақ. Бір қарағанда өте жақын болып көрінгенімен, тау жеткізбейді. Біраз еңбектенуге тура келді. Биіктігі де біршама. Бірақ алған әсерім ерекше. Мұндай сынақтардан өтіп тұру қажет сияқты. Енді Торатбас тауының өзінің тарихы бар, айтары бар жер. Айтары бар ескерткіш деуге болады. Сондықтан Шыңғырлау ауданына, Торатбас ауылына қарай жол түскен адам болса, міндетті түрде таудың басына шығып, оныңда кереметін сезінуі керек пе деп ойлаймын,-дейді блоггер, әлеуметтік желі белсендісі Жидегүл Аманғалиева.

Батыр ата

         Бұл Торатбас ауылында Құттығай Сатыпалдыұлы (1702 жыл - 1773 жыл) есімді тарихта есімі белгілі батыр, қолбасшы жатыр. Ол VIII ғасырдың I жартысында қазіргі Шыңғырлау ауданының  аумағында өмір сүрген. Беріш руының Жайық атасынан. 1728 жылы Бұланты өзенінің бойында, 1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Аңырақай жазығында болған шайқастарға Тайлақ батыр басқарған Кіші жүз әскерінің сапында қатысқан, кейін Құттығай батыр елге оралысымен Шұбар, Саржала батырлармен бірге құба қалмақтардан Тайсойған, Нарын өңірлерін азат етеді. Жаудан босаған Ойыл өзенінің орта сағасына ағасы Айбастың ауылын Тұзтөбеден әкеліп қоныстандырады. 1738 жылы 11 айға созылған 20 мың үйлі қалмақты қазақ даласы арқылы Қытай шекарасына қарай тықсыра қуған жорыққа мыңбасы ретінде қатысқан екен.

Кыз емшек

         Содан әрі екі өркештен тұратын, біреуі сәл аласалау тау беткейі көлбеу келген Қыземшекті алыстай тамашалап, Қарағаш ауылына апаратын жайын жолмен, әулие қыздың жеті құдығының суы қосылған Сарқырама көліне келіп жеттік.

Аулие кыз

         Әуелі Қыз әулие деп аталатын бұлақтан бастадық. Бұл жердің киелі екенін, қасындағы ағашқа халықтың толтырып ақтық байлағанынан-ақ аңғартады екен. Сәл ылдиға түскенде самсаған бұлақтың көзін көріп, суын ішіп шөлімізді басып алдық.

Саркырама 01Саркырама 03

         -Шыңғырлауға келгенде өзімнің ең басты мақсатым -  осы Сарқыраманы көру болды. Шыңғырлаудағы бұл сарқырама - мен көрген үшінші сарқырама. Суы тастай. Бар денеңмен қойып кеткен кезде, шаршағаныңды ұмытып кетесің. Дəл қасындағы ауылдың балаларының балалық шақтарына қызығып қайттым. Тегін бассейн, тегін аквапарк, тегін емделу ғой бұл сарқырама. Жаз бойы оның суына шомылған бала қыста тұмаумен ауырмайды екен. Сарқыраманың дəл жанында оның айдыны жəне "Қыз əулие" деген ерекше бұлақ бар екен. Ерекшілігі сонда, тұп-тұнық əрі суының құрамында күмісі көп. Дəмі... дəмін айту мүмкін емес. Керемет әсер алдық. Ағын судың алаңындағы суға түсетін жеріне түсіп те көрдік. Сусабынсыз-ақ шашымыздың ашылуы, шынайы табиғи су екенін сезінесіз. «Қыз әулие» қайдан шыққанын Шыңғырлау ауданының өлкетанушысы Қуаныш ағайымыз айтып берді. Суын құйып алып бара жатырмын,- дейді жастар белсендісі Динара Жароева.

Балык аулау

         Сарқырама көлінде толып жүрген тасбақаны көріп, жарты сағаттай қармақ лақтырып, балық ауладық. Сарқыраманың салқын суына шомылдық. Әрі қарай Сегізсай ауылына бет алдық.

         СегіСегизсайзсай ауылы - Аққұмның етегінде жан-жағы ақ қайыңға толы тоғайлы, төрт түлікке өте қолайлы жайылымы кең, шөбі шүйгін, таптырмас жердің бірі. Сырттан келген қонағына құшағын кең ашатын қонақжайлығын да байқадық. Сондай-ақ шағын ауылдың тағы бір қасиеті бар. Ол қасиеті 18 баланы патронаттық тәрбиеге алып, ата-ана махаббатын сыйлаған өзгенің жетегіне ертіп жібермей, бауырына басқан да осы ауыл тұрғындары болатын. Біздің бұл Шыңғырлау ауданы табиғатының жеті кереметін аралап көру турымыз Сегізсай ауылынан тәмамдалды.

P1010689

         -Осы сапарда мен жақсы әсер алдым. Басқа облыстардан жүйелі жұмыс көрген жоқпын. Жастарды алып, бүкіл аудандарды аралап және табиғатын, тарихын көрсету - өте Яковмаңызды нәрсе. Өкінішке орай, біздің қазақстандықтар Қазақстан туралы білмейді. Біздің мақсатымыз - үлгі көрсету. Ол тек қана сапарларға шығатын үлгі емес, ол отанды сүю!
Өйткені отанды сүю өлкетанудан басталады. Тарихты білетін адам, әрине, өзінің еліне жақынырақ болады. Сол сияқты осы жобаға тек сәттілік тілеймін! Ұйымдастырушыларға көп алғыс айтамын! – дейді елге танымал блоггер Яков Федоров.

zhaikpress.kz

Әділғазы Кереев

Ақпарат орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале