9.06.2019, 15:38
Оқылды: 161

Тағдыршешті саяси науқаннан қалыс қалмаған ұстаз

Орал қаласындағы №47 ЖОББМ орналасқан №416 сайлау учаскесінде тіркелген сайлаушылардың 75 пайызы дауыс берген.

ustaz

Сайлау учаскесінің төрайымы Дарья Қабдоллиеваның мәлімдеуінше, тізімде барлығы 749 сайлаушы болса, олардың басым бөлігі түске дейін өз таңдауын жасап үлгерген. Үш азамат үй жағдайында дауыс беру туралы өтініш түсірген. Солардың бірі - Мөңкеұлы көшесіндегі 101-үйдің тұрғыны Байжамал Мұқашева. Аяғына жасалған отадан соң жүріп-тұруы қиындаған Байжамал Зәкарияқызы ел дамуындағы тағдыршешті саяси науқаннан қалыс қала алмапты.

- Отағасынан бастап үйдегілердің бәрі сайлау учаскесіне таңертеңмен барып дауыс беріп келді. Қазақстанның азаматы болған соң, сайлауға қатысып, дауыс беру - біздің міндетіміз. Еліміздің өркендеуіне, бала-шағамыздың берекелі өмір сүруіне аянбай еңбек ететін кандидатқа өз даусымды бердім, - дейді ардагер ұстаз.

Динара Есентаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале