14.12.2016, 20:19
Оқылды: 63

Талғат Нығметов: «Облыста діни ахуал тұрақты»

received_10207972932453569Облыс әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес өтті. Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың төрағалығымен болған жиынға мемлекеттік құрылым, құқық қорғау органдарының, қоғамдық және діни бірлестік өкілдері қатысты.


Аудандармен онлайн режимінде өткен жиынды ашқан Марат Тоқжанов қазіргі таңда Ақтөбе және Алматы қалаларында болған оқиғалардан кейін елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жұмыстары күшейтілгендігін айтты. Ағымдағы жылдың 6 маусымынан бастап біздің облыста террористік қауіптіліктің бірқалыпты сары деңгейі белгіленіп, ол 2017 жылдың 17 қаңтарына дейін ұзартылды.
received_10207972933413593Кеңесте негізгі баяндаманы облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов жасады. Оның айтуынша, қазір облыста діни ахуал тұрақты. Діни экстремизм мен терроризм идеяларына қарсы пәрменді күрес шарасының бірі – ақпараттық түсіндіру жұмыстары болып болып табылады. Бүгінгі таңда аталмыш іс-шараның жаңа бағыттары жасақталды. Олардың арасында «Қазақстан-Орал» телеарнасында «Ғибрат» рухани-танымдық бағдарламасының эфирге шығуы, аудандарда дінмен айналысатын арнайы мамандардың жұмыс істеуі, баспа өнімдерін тарату, әйел жамағатымен жұмыс секілді бағыттар бар. «Биылғы он бір ай ішінде діни қарым-қатынастар саласында облыс бойынша 1 заңбұзушылық дерегі тіркелді, - деді Талғат Рақымұлы. - Бұл көрсеткіш өткен жылдарға қарағанда едеуір төмен. Мәселен, 2014 жылы 21 заңбұзушылық орын алса, өткен жылы 3 дерек тіркелді».
received_10207972932613573Жиын барысында сондай-ақ облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жанат Асантаев баяндама жасады.
Кеңес соңында ақпараттық-түсіндіру топтарының іс-шараларына белсенді қатысқан қоғамдық ұйым өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале