5.04.2019, 18:41
Оқылды: 40

Тамақтан улану фактісі тіркелген жоқ

Бүгін облыстық санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың маманы М.Өтемісов атындағы облыстық сауықтыру мектебінің оқушыларын тексерді, олардың денсаулығы қалыпты, деп хабарлайлы БҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы Үміт Жәңгірова.

 skoraya

-Кеше кешкі мезгілде М.Өтемісов атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының 11 оқушысының жүрегі айнып, оның ішіндегі біреуі құсқасын атамыш мекеменің медициналық қызметкерлері бақылауға алған. Бүгін біздің мамандар және инфекционист қарап, 11 баланың 10-ына ЖРВИ (ОРВИ), біреуіне тамақ баспасы (ангина) деген диагноз қойды. Балаларда құсу, іші өту болмағандықтан, бұл жағдайдың тамақтанумен байланысы жоқ. Тамақтан улану емес. Бүгінгі кешкі сағат 5-тегі мәлімет бойынша, 3 бала медициналық бақылауда, қалғаны босатылды. Мектептегі басқа балалардың денсаулықтары жақсы. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі толық бақылауға алдық, жұмыс жүргізілуде,-дейді БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жайдар Құрманов.

         Қазір ЖРВИ диагнозы қойылған 3 оқушы оқшауланған бөлмеге жатқызылды, дәрігерлердің бақылауында.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале