18.09.2019, 10:10
Оқылды: 264

Танымал желаяқ Марат Жыланбаев Оралда өтетін Ақжайық марафонына қатысады

Даңқты супермарафоншы Марат Жыланбаев 5 қазан күні Орал қаласында өтетін Ақжайық марафонына қатысады, деп хабарлайды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Marat Zhylanbaev

Айта кету керек, мұндай толық марафон Орал қаласының тарихында тұңғыш рет өткелі отыр.

Марафонға қатысуға тіркелу uralskrunners.kz сайтында жүзеге асуда.

Марат Жыланбаев - адамзат тарихында Азия, Африка, Австралия және Америка шөлдерін жалғыз жүгіріп өткен тұңғыш және дара атлет. Бірнеше рет әлемдік рекорд жасады, оның сегізі Гиннестің рекордnар кітабына енгізілген. Жыланбаевтың 1990 жылдардың басында жасаған әлемдік рекордтарының көпшілігін әлі күнге дейін ешкім жаңғырта алған жоқ.

Марат Жыланбаев - жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, марафондар мен ультра-марафондарға арналған өзіндік жаттығулар жүйесін жасақтап шығарды. Спорттық өмірінде жалпы алғанда 160 мың км қашықтықты жүгіріп өткен.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале