27.03.2017, 13:00
Оқылды: 21

Тапсырылған қару-жараққа қаржылай сыйақы төленеді  

10 сәуірден бастап облыс тұрғындарынан атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өтеді.

Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерін және жарылғыш заттарын ерікті түрде тапсырған азаматтарға ақшалай сыйақы төленеді. Осы мақсатта республика бюджетінен біздің облысқа 8 млн. 034 мың теңге бөлінген, деп хабарлайды  БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы.

 

Атыс қаруларының атаулары 1-санатты 2-санатты 3-санатты
автоматты ойық ұңғылы қарулар үшін жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде

 

226900теңге 158830 теңге 68070 теңге
ұзын ойық ұңғылы атыс қаруы (винтовка, карбиндер) үшін елу айлық есептік көрсеткіш көлемінде

 

113450теңге 79415 теңге 34035 теңге
қысқа ойық ұңғылы (тапанша, револьвер) атыс қаруы үшін қырық айлық есептік көрсеткіш көлемінде

 

90760 теңге 63532 теңге 27228 теңге
тегіс ұңғылы атыс қаруы үшін отыз айлық есептік көрсеткіш көлемінде

 

68070 теңге 47649 теңге 20421 теңге
жарақат салу тапаншасы немесе револьвер үшін он айлық есептік көрсеткіш көлемінде

 

22690 теңге 15883 теңге 6807 теңге

 

Ал криминалист-маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш заттар болып табылмаған, ҚР ІІМ-нің АБДБ-да «Криминалдық қару» және «Тіркелген қару» есебінде тұрған бұйымдар мен заттарға, қолдан жасалған оқ-дәріге, тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын қаруға арналған патрондарға сыйақы төленбейді.  

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале