13.11.2018, 12:48
Оқылды: 62

Тарифтерді жасанды түрде көтерген монополистер жазаланады - Премьер- Министр

Тарифтерді жасанды түрде көтеру есебінен пайда тапқан монополистер мен басқарушы компаниялар заң тәртібінде жауап береді. Бұл туралы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Sagintaev-2

«Табиғи монополистердің тарифтік сметалар мен инвестициялық міндеттемелерін орындамау және өндірістік емес шығындары қызметі құнына заңсыз қосу бойынша анықталған барлық фактілердің басын ашып алу керек. Тарифтерді жасанды түрде көтеру есебінен пайда тапқан, яғни қызметіне адал емес монополистер мен басқарушы компаниялар заң тәртібінде жауап беруі тиіс. Тексеру жұмыстары көпшіліктің алдында ашық жүретін болсын. Екі аптадан соң ағымдағы жағдай туралы мәселені Үкіметтің отырысында қосымша қараймыз. Бұл жұмыстарды прокуратурамен бірге үйлетіруді сұраймын», - деді Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында.

Айта кетейік, монополияға қарсы қызметті күшейту заңнамасына түзетулер әзірленуде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  коммуналдық қызметтерге тарифтерді заңсыз өсірген табиғи монополиялар субъектілерін жазалауды талап етті.

Сонымен қатар Президент Қазақстанда электр энергиясы құнын төмендетуді тапсырды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале