21.11.2018, 16:12
Оқылды: 113

Тарихи санамыздың қалыптасуына бастайтын мақала

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары, студенттері мен қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспеттес жарық көрген Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласын дөңгелек үстел басында талқылап, пікір алмасты.

Темирболат Токмамбетов3

Басқосуды ашқан университеттің проректоры Түймеш Дәрішева Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында ұлт тарихына үңілуге үндейтінін, сол ұлы тарих арқылы кейінгі жас ұрпақты тәрбиелеуге болатынын, сол жас буынның Ұлы дала тарихымен мақтана алатыны орынды айтылғанын айтып өтті.
-Сондықтан мақаланы оқып, оны насихаттайтын әрі іс жүзінде жүзеге асыратын ғалымдардың ой-пікірін білу маңызды. Бұл бізге, әсіресе, еліміздің қажеттілігіне жас мамандар даярлайтын оқытушыларымыз үшін аса қажетті мақала. Бұл мақала ғалымдарға тарихымыздағы кейбір ақтаңдақтарды, тұмшаланған тұстарды ашуға жұмылдырады. Сонымен қатар жастарға Қазақстанның ұлы тарихын тереңірек білуге, оны кейінгі ұрпаққа, бүкіл әлемге жеткізуге мүмкіндік береді. Шынайы патриот болу үшін, Отанымыздың бір қарыс жері өзгенің қолында кетпес үшін тарихи факті-деректермен дәлелденген тарих керек, - деді Түймеш Малбағарқызы.
«Рухани жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Тұрар Шайхиевтің айтуынша, Елбасының мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылады. «Ең бастысы - халқымыздың, ұлтымыздың болашағы үшін тарихи санамыздың дұрыс қалыптасуы. Осы тұрғыдан тарихшыларға, өнер адамдарына үлкен міндеттер жүктеледі. Мақала екі бөлімнен тұрады. «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталатын бірінші бөлімінде Ұлы Даланың жеті қыры жан-жақты көрсетілген. Екінші «Тарихи сананы жаңғырту» деген бөлімде даланың жеті қырын болашақта халқымыздың тарихи санасына нақты қандай жобалар бойынша қалыптастыратынымыз айтылған», - деді Тұрар Шайхиев.
Жиында дүние жүзі тарихы және саяси пәндер кафедрасының оқытушысы Мұрат Қалменов мақалада айтылған атқа міну мәдениеті жөніндегі пікірімен бөлісті.
Елбасының тарихымызға көзқарасы өте керемет, 15 жыл ішінде «Мәдени мұра», өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламалары қабылданса, енді, міне, «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламасы тарихымыздың тереңдетіп зерттеуге, дүние жүзіне паш етуге, насихаттауға арналған бағдарлама деп білемін. Геродот деген грек тарихшысы кентаврлар туралы жазып кеткен. Мұны алғаш жазған кезде ол скифтерді, сақтарды көрген. Олар аттың үстінде жүріп, садақ атқан, шабандоз болған, сондықтан оларды кентаврлар деп атаған. Кейін кентаврлар бейнесі әлем әдебиетіне, өнерге еніп кеткен. Ұлы даламыздан шыққан алғашқы көшпенділер мәдениетінің бір элементі десек болады. Өткен ғасырдың 70-80 жылдардың аяғында Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Ботай мәдениеті ашылды. Ботай қонысын мекендеген адамдар адамзат баласы тарихында ең алғаш рет жылқыны қолға үйреткені ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Ең алғаш арбаның дөңгелегі де осы жерден табылды. Елбасы мақаласының «Атқа міну мәдениеті» деп басталуы 16 мың жыл бұрын ұлы даламызды мекендеген көшпенді тайпалар жылқыны үйретіп, дөңгелекті ойлап тапқаны өз заманының жоғары бір технологиясының дамығанының дәлелі есебінде айтып кеткен, - деді Мұрат Қалменов.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ
zhaikpress.kz

Темирболат Токмамбетов2 Темирболат Токмамбетов1 Темирболат Токмамбетов4

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале