26.11.2018, 9:50
Оқылды: 104

Тарихи сананы рухтандыратын ізгі қадам

Елбасының «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жалғасы іспеттес «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тарихи сананы одан әрі рухтандыра түсетін ізгі қадам. Ел тарихының тереңіне ой жүгіртер мақаланың әр бөлімі кім-кімге де ой тастары хақ.

Нуркешов Т.С. (3)

Мемлекет басшысы сөз еткен «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу, «Дала фольклорының антологиясын» жасау, «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын шығару, Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу мәселесі ұрпақ тәрбиелеу жолындағы педагог қауымның көңіліне қонымды тақырыптар дер едім. Мақала жас ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаздар қауымына зор жауапкершілікті жүктейді.

Ғылым мен технологияның дәуірі аталатын XXI ғасырда ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаңаруға бет бұру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мемлекет басшысы мақаласында отаншылдық тәрбие беруді білім беру ошақтарынан бастау алу керектігі мақсатында тарихи-археологиялық қозғалыстар құрудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда еліміздегі Зияткерлік мектептерде «Туған елге тағзым» зерттеу-өлкетану экспедициялық жобасы оқушылар үшін тағылымы мол жоба. Оқушылар жазғы, күзгі демалыста жоба аясында тарихи шежіресі терең киелі мекендерге барып, туған ел тарихының қыр-сырымен сусындап қайтады. Нәтижесінде оқушылар этнографиялық музейлердегі құнды жәдігерлер туралы зерттеу жұмыстарын жасаса, ежелгі қалалардың тарихына үңіле отырып, ондағы тұлғалар өміріне қызығушылық танытуда. Зерттеу жұмыстарын мектепішілік, облыстық, республикалық ғылыми жобаларда қорғап, келешек ғылыми жұмыстарына бастама ретінде алуда. Зияткер шәкірттер үшін жобаның берері мол. Жас шәкірттер ел тарихына үңіле, туған елге – Қазақстанға деген отансүйгіштік қасиеттерін одан әрі молайтты.

Елбасы сөз еткен «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек деген маңызды ойы ұрпақ санасын өрісті етер ізгі қадам. Бүгінде Зияткерлік мектептерде «Ұлы даланың көне сарындары жинағы», «Қазақ әндері», «100 күйдің тарихы», «Екі апта ауылда» әлеуметтік тәжірибе жобалары іске асуда. Бұндағы мақсат жас ұрпаққа патриоттық тәрбиені жаңа бағытта ұйымдастыру мүмкіндігін жасау.

Елбасының өміршең ұстанымы келешек ұрпақ үшін қашан да жаңашылдыққа бастар өркенді жол.

Тимур НҰРКЕШОВ,

Оралдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале