6.05.2017, 16:24
Оқылды: 23

Тәртіп сақшылары  Отан қорғаушылар күнін атап өтті

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Жеңістің 72 жылдығы мерекесіне орай Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты шара өтті.


БҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ғани Төлебаев саланың ардагерлері мен әріптестерін қос мерекемен құттықтап, атаулы күннің маңыздылығы, Тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен келешегі жолындағы жетістіктер мен атқарылатын міндеттерге тоқталды. Құқық қорғау қызметін таңдағандар қоғамның қауіпсіздігі мен ел тыныштығы жолында аянбай еңбек етіп, халықтың ықыласына бөленетініне сенімін білдірді.

Салтанатты сәтте БҚО ІІД бұйрығына сай тәртіп сақшыларының бірқатары кезекті арнаулы шендер алса, қызметімен ерекше көзге түскен полицейлер марапатталды.

Осы күні ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен 12 және БҚО ІІД бастығының бұйрығымен 413 қызметкер марапатталды.

Шара бұдан соң ішкі істер органдарының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен жалғасты. Салтанатты кештің мерекелік бөлімінде полиция қызметкерлерінен құралған «Орал таңы», «Ақжайық» вокалды-аспапты ансамблі өнерлерін паш етсе, алғаш рет ІІД қызметкерлерінен құралған хор ұжымы да көрермендерді тәнті етті.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале