24.04.2017, 16:18
Оқылды: 69

Тәртіп сақшылары сенбілікке қатысты  

 

Сәуір айының бірінші және екінші сенбісі айналаны тазалау, жинау ісіне арналса, үшінші жексенбісінде ағаш отырғызылып, тал егілді. Бұл жайлы БҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.


Жыл сайын күз, көктем маусымдарында жүргізілетін сенбіліктерде Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің барлық бөліністерінен қызметкерлер қаланы күл-қоқыстан тазалап, абаттандыру жұмыстарына қатысып келеді.

- Көктемгі сенбілік біз үшін дәстүрге айналды. Қаланың тазалығы -  ортақ жұмыс, - дейді ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Рахметов.

Қолдарына сыпырғыш, тырнауыш алған сақшылар сенбілік жұмысын БҚО ІІД «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және арнайы даярлық базасы» аумағынан бастады. База аумағына  100-ге тарта үйеңкі ағашы мен терек отырғызылды.

          zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале