23.02.2019, 20:10
Оқылды: 21

Тасқала ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2 тұрғын үй салынуда

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов Тасқала ауданы орталығынан «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынып жатқан тұрғын үйдің құрылысымен танысты.

IMG_4643

Әр қайсысы 36 пәтерден тұратын қос үйдің құрылысы өткен жылы басталған. Үш қабатты әр үйде 12 бір бөлмелі, 24 екі бөлмелі пәтер орналаспақ. Аталған үйдің құрылысын «Альтаир» ЖШС жүргізуде. Жобалық құны 831 млн. теңге болатын көп қабатты тұрғын үй кезекте тұрған аудан тұрғындарына жалдамалы пәтер ретінде табысталмақ. Құрылыс жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталады. Құрылыс жұмыстарына 50 жұмысшы тартылған болса, соның 16-сы аудан тұрғындары.

IMG_4635

IMG_4672

Нұрбек Оразаев,

ФОТО: Александр Куприенко

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале