12.09.2017, 11:27
Оқылды: 27

Тасқала ауданындағы ауыз су құбырларынан 182 ақау табылған

Janibek su kybiriБұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі облыстық филиалы ұйымдастырған брифингте аудан əкімі Санжар Əлиев хабарлады.

Оның айтуынша, су құбырларына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Тасқала ауылындағы 10 көшеге 4 км ауыз су жүйесі жүргізілді. Ауыл тұрғындарының 87 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Ақбұлақ бағдарламасы аясында Мерей ауылы су құбырын жаңғырту 85 пайызға, 2-Шежін ауылының су құбырын қайта жөндеу 75 пайызға орындалған. Амангелді ауылындағы су құбырын жөндеу басталды.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале