26.04.2018, 18:51
Оқылды: 20

Тасқалада табылған өлген малға қатысты мәлімдеме жасалды

IMG_20180426_184402Тасқалада табылған өлген малға қатысты мәлімдеме жасалды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тасқала ауданы Атамекен елді мекені аумағынан табылған жылқының өлексесіне қатысты БҚО Ветеринария басқармасынан төмендегіше мәлімет келіп түсті.

«Өлген мал сол ауылдың тұрғыны шаруа қожалығының иесі Мақауов Мұқсинге тиесілі екендігі анықталды. Қыста жоғалған жылқының денесі қар кеткеннен кейін шыққан. Ол жерде арнайы су көзі жоқ, еріген қар суы ғана. Қазіргі таңда оқиға орнында аудан әкімдігінің қызметкерлері, БҚО ветеринария басқармасы эпизоотия бөлімінің басшысы Б.Иралиев жұмыс істеуде. Өлген мал ауылдан 10 шақырым жердегі мал моласына жеткізілді».

zhaikpress.kz

Фото парақшадан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале