24.04.2019, 19:48
Оқылды: 48

Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүргізілген аудит қорытындысы

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде «Бөрлі ауданының тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары»  аудит сәйкестігі жүргізіп,  «Бөрлі ауданының тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары»  мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқындағы «Аксайжылуқуат» мемлекеттік кәсіпорынымен заңсыз  тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шарт жасалғаны анықтады.

Бұдан басқа, шарт негізінде 86 287,0 мың тенге  жеткізілмеген тауарларға қаражат төленген. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 1 қазандағы №18-НҚ  мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышын бекіту туралы нормативтік қаулысының  2.1.1.4 тармағымен бұл қаржылық бұзушылық жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығын тексермей, мемлекеттік мекеменің бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға әкеп соқтырған.

Аудит қорытындысымен 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 1 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 86 287,0 мың теңге бюджетке қайтарылды.

Аудит материалдары процессуалды шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.

ҚР ҚМ ІМАК БҚО бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале