17.12.2018, 8:30
Оқылды: 70

Тәуелсіздік күні БҚО-да 37 бала дүниеге келді

Қалыптасқан игі дəстүр бойынша, БҚО әкімі Алтай Көлгінов облыстық перинаталды орталық пен қалалық көпбейінді ауруханадағы перзентхана үйінде болып, Тәуелсіздік күні мерекесінде дүниеге сәби әкелген аналарды құттықтады, деп хабарлайды облыс əкімінің баспасөз қызметі.

FB_IMG_1545013435789

- Өңір тұрғындары атынан Сіздерді мейрамдарыңызбен құттықтаймын! Сіздерге және нəрестелеріңізге мықты денсаулық тілеймін, ал медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, -деген облыс әкімі әр анаға бесік арба сыйлады.

Өз кезегінде жас аналар өздеріне сыйлаған көтеріңкі көңіл-күй, сəбилеріне берілген қажетті сыйлық үшін алғыстарын білдірді.

- Тәуелсіздік күні мерекесінде келіп, бізді елеп жатырсыздар. Дәрігерлерге көп рахмет, солардың арқасында сәбилеріміз дүниеге келіп жатыр, - деді Айнагүл Серікқалиқызы.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жас аналар мен нәрестелер өздерін жақсы сезінуде.

Еліміз үшін қасиетті де қастерлі күн болып табылатын 16 желтоқсан - Тəуелсіздік мерекесінде өңірімізде жарық дүние есігін ашқан 37 нəрестенің 20-сы ұл, 17-сі қыз.  Облыстық перинатальдық орталықта 16 сəби (10 ұл, 6 қыз), қалалық көп салалы ауруханада 14 сəби (5 ұл, 9 қыз), аудандарда 7 сəби (5 ұл, 2 қыз) өмірге келді.

Фото: А.Куприенко

zhaikpress.kz

FB_IMG_1545013441293

FB_IMG_1545013450712

FB_IMG_1545013454959

FB_IMG_1545013458656

FB_IMG_1545013447209

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале