11.04.2017, 17:56
Оқылды: 46

Таза қала – таза ауа

Туған қаланың тазалығы басты назарда дейді батысқазақстандықтар. Шаһар өміріне бей-жай қарамай, әркез белсенділік танытып жүрген жастар өткен сенбі күні қалалық сенбілікке қатысты.

Тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерді, арықтар желісі мен демалыс алаңдарын, саябақтар мен қоғамдық орындарды қоқыстар мен жапырақтан тазарту мақсатында ұйымдастырылған сенбілік Сырым Датұлы алаңынан бастау алды. Шараға «Жас Отан» Жастар қанаты БҚОФ, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Орал студенттер Альянсы», «Жасыл ел» өкілдері және студент жастар - барлығы 300-ден астам адам қатысты. Тазарту жұмыстарына коммуналдық қызмет мекемелері  тарапынан арнайы техника жұмылдырылды.

- Бүгінгі демалысымызға қарамай, қалалық сенбілікке қатысуға шықтым. Жалпы, осындай сенбіліктер жиі өткізілсе екен. Замандастарымды қала тазалығын сақтауға шақырамын. Туған өлкеміздің гулденуіне бірге үлес қосайық, - дейді «жасотандық» Ернар Саламатов.

 Мөлдір Сапар,

«Жас Отан» ЖҚ

БҚОФ еріктісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале